Мәдениет

Крутойдың әні ұлттық аспаптар тілінде «сөйледі»

Өнер орталығының концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75-ші маусымының ашылуына орай «Достық сазы» фольклорлық ансамблі «Мәңгілік елдің мұрасы» атты маусымашар концертін өткізді.

Ансамбльдің маусымашар концертінде орындалған әрбір шығарма көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Әсіресе, Димаштың репертуарындағы композитор И.Крутойдың «Любовь уставших лебедей» шығармасы ұлттық аспаптардың үніменен шоқтығы биіктей түскеніне қалың ел куә болды. Қазанғаптың «Әлиманың боз жорғасы», Е.Тоқсабановтың «Сыр толғауы» күйлері де тыңдармандар жүрегінен орын алды.

Кеш қонағы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Өмірқұл Айниязов «Бұлбұлымды» орындап, елдің ерекше ықыласына бөленді.

Сондай-ақ концертте филармонияның дәстүрлі әншілері Д.Шынарбаева,Н.Әбдібеков,

Г.Сағынғанова, сондай-ақ А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің «Жастар» би ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Шара ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал Байсеңгірдің «Мәңгілік ел — Қазақстан» әнімен аяқталды.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button